Алматыда астан уланған тағы бес бала ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда астан уланған тағы бес бала ауруханаға түсті

Алматыда астан уланған тағы бес бала ауруханаға түсті

Алматыдағы Ақсай ықшамауданында орналасқан №100 балабақшада астан уланған тағы бес бала ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 364
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, балалардың денсаулық ахуалы орташа ауыр деп бағалануда. Сөйтіп, Алматыдағы «ГауҺар» атты оқыту-тәрбиелеу орталығында тәрбиеленуші балалардың сапасыз тағам тұтынуы салдарынан уланған бүлдіршіндер саны 24-ке жетті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.