Алматыда ат спортынан халықаралық жарыстар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ат спортынан халықаралық жарыстар өтеді

Алматыда ат спортынан халықаралық жарыстар өтеді

АЛМАТЫ. 7-маусым. Kazakhstan Today. 8-11-маусымда Алматыда ат спортынан Азия чемпионаты мен Қазақстан президенті мен Әлем кубогі үшін халықаралық сайыстар өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қорғаныс министрлігінің спорт комитетінің төрағасы Павел Новиков құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Маусым 2006
  • 558
Фото - Caravan.kz

Жарыстарға Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Үндістан, Катар, Кытай, Корея, Қырғызстан, Ресей, АҚШ және басқа да елдерден құрамалар қатысады.

Қазақстан құрамасы табыстан үмітті. “Қазақстандықтар күнделікті өздері айналысатын аттарымен жарысқа қатысса, біздің қарсыластарымыз жеребе тастау арқылы анықталған аттармен жарысқа түсетінін ескерсек, біздің табысқа үміт артуға негізіміз толық”,- деді ҚР ат спорты федерациясының вице-президенті Сергей Буйкевич. Оның айтуынша, еліміз құрамасы үшін басты қарсыластар – Корея, Үндістан және Ресейлік спортшылар болып табылады.

Жарыстар әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі, дейді ұйымдастырушылар. “Біз Олимпиада ойындарының деңгейіне жету үшін бәрін істеп жатырмыз”,- деді П.Новиков. Оның айтуынша, “шараны ұйымдастыруға бюджетен бір тиын қаржы жұмсалған жоқ, барлық шығындарды демеушілер көтерген”. Әр бағдарлама бойынша сыйлық қоры 12 мың АҚШ долларына тең.