Алматыда "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Алматыда "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

8-шілде, жұмада Алматыда кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне одақтың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында қатысушылар көкейкесті проблемаларға қатысты «Атамекен» одағының біртұтас ұстанымын айқындап, үйлестіру кеңесі туралы ережелердің жобасын бекітеді. Одаққа жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі де қаралады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атқарушы дирекцияға 2005-жылдың 3-маусымы мен 8-шілдесі аралығында тындырылған шаруалардан ақпарат беріп, «Атамекен» одағы үйлестіру кеңесінің 3-маусымдағы жиналысының хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы есеп береді.
Отырысқа ҚР үкімет басшысының орынбасары- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев пен парламент мәжілісінің депутаттары қатысады.

Перейти к новостям спорта