Алматыда атақты әнші Томас Андерстің концерті болады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атақты әнші Томас Андерстің концерті болады

Алматыда атақты әнші Томас Андерстің концерті болады

 Алматы қаласында 18 желтоқсан күні Республика сарайында германиялық атақты әнші Томас Андерстің концерті болады. Бұл туралы бүгін meloman.kz сайты мәлімдеді. 

  • 4 Желтоқсан 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz


Томас Андерс өткен ғасырдың 80-ші жылдары шыққан германиялық Modern Talking тобының атақты әншісі әрі композиторы.

Сол кездері дуэттің жетекшісі Дитер Болен екеуі шырқаған «Cheri Cheri Lady», «Brother Louie», «You're My Heart, You're My Soul», «You Can Win If You Want», «Atlantis is Calling (S.O.S. for Love)»- және өзге де әндері бүкіл дүние жүзіне тарады. 

«Modern Talking» дуэті сахнада 1984 жылдан 1987 жылға дейін ғана өнер көрсетті. Кейінгі жылдары Дитер Болен мен Томас Андерс оқта-текте бірге концерт бергендерімен, өкінішке қарай дуэт қайта құрылмады. Дегенмен, олардың сол кездегі туындылары әлі күнге дейін танымалдығын жоғалтқан жоқ.

Перейти к новостям спорта