Алматыда атақты Еуразия кинофестивалі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атақты Еуразия кинофестивалі өтіп жатыр

Алматыда атақты Еуразия кинофестивалі өтіп жатыр

Дәстүрлі кинобайқау жалғасын тапты! Алматыда халықаралық Еуразия фестивалі өтіп жатыр. Биыл байқаудың бас жүлдесі үшін 10 картина таласқа түседі. Қаржылық қиындықтарға байланысты болса керек, биыл екі бірдей кинофестиваль біріктірілген екен. Яғни 11-ші рет өткізіліп отырған кино мерекесі аясында алғаш рет «Шәкен жұлдыздары» байқауы да ұйымдастырылған.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Әдеттегідей Алматы отандық және шетелдік жұлдыздарды қызыл кілем үстінде қарсы алды. Тек биыл кілем ғана қызыл демесеңіз, қалған шығындар барынша қысқартылған сыңайлы. Әуезді ән де, құжынаған көрермен де жоқ. Тіпті келген әртістер де таныстырылмай, кілем үстімен топ-тобымен өтті.

Ал, байқау аясында көрсетілетін фильмдерге кіру бұрын тегін болса, бұл жолы ол да ақылы.Шығыс пен Батыс аралығындағы үндестік тақырыбына арналған байқаудың шымылдырығы Ақан Сатаевтың «Хакер» деп аталатын жаңа фильмінің тұсаукесерімен ашылды. Канадалықтармен бірігіп түсірілген туындының басты рөлін танымал америкалық актер Каллэн Мак Олифф сомдаған.

Ақан Сатаев, режиссер:

— Хакердің прокаты жуырда Америкадан басталатын болады. Ал, фильмнің осындай фестивальде көрсетілуі біз үшін үлкен қуаныш.

Қаржыға байланысты биыл «Еуразия кинофестивалі» мен «Шәкен жұлдыздары» біріктірілген екен. Сондықтан осы шара аясында Орта Азия мен отандық режиссерлердің туындылары да көрсетіліп жатыр. Ал, еліміздің атынан Данияр Саламаттың «Жена Сагынтая»,  Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» және режиссер Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» картиналары таңдап алынған.

Болат Әбділманов, актер:

— Жыл сайын бұл фестивальді күтеміз. Мұнда басқа елдердің киноларын көріп, өзімізді оларға көрсетіп қорытынды шығарамыз . Және осы арқылы біздің болашақтағы жұмыстарымызға анализ жасап, осы көштен қалмауымыз керек.

Жылдағыдай емес, биыл шетелдің танымал әртістерінің де қатары сирепті. Ал үздік фильм аталымында бақ сынайтын туындыларды ресейлік кинотанушы Кирилл Разлогов бастаған қазылар таңдаған.

— Дәстүрлі кинофестивальге қазақ елі атынан қатысуға Ермек Тұрсыновтың «Жат» кинофильмі жолдама алған. Оның көрсетілімі қыркүйектің 23-інде болмақ. Ал, әлем жұлдыздарының басын қосқан «Еуразия» фестивалі Алматыда қыркүйектің 25-іне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар