Бұл туралы аталмыш мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады.
Атақты зергерлік үй көрмеге өзінің ерекше құнды заттарын қояды. Олардың ішінде жүзіктер, сақиналар, сырғалар және атақты жұмыртқа тәріздес алқалар бар.
Fabergé үйінің бұйымдары 120 жылдан бері жұртшылықты тәнті етіп келеді. Олар әлемдегі ең белгілі мұражайлардың және жеке коллекция жиюшылардың бетке ұстар топтамаларына айналғаны белгілі. Fabergé үйі өзінің әрбір баға жетпес бұйымының бірегейлігі мен жоғары дәрежедегі сапасының арқасында әлемдегі атақты зергерлік брендке айналған.