Алматыда атақты «Мега» сауда үйінен шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атақты «Мега» сауда үйінен шу шықты

Алматыда атақты «Мега» сауда үйінен шу шықты

Алматыдағы ең ірі сауда, ойын-сауық орталығы – «Мегада» шу шықты. Бұған мұндағы бутиктер мен дәмханалардың жалға беру ақысының көтеріліп кеткені себеп.

  • 17 Қазан 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz

Сауда орны жалдау ақысын доллардың жаңа бағамымен төлеу туралы талап қойыпты. Ал бұған ондағы кәсіпкерлер қарсы. Тек теңгемен сауда жасап отырған олар орынды жалдау ақысын доллармен төлеу шығынға батырады дейді. Табыс азайды деп, жаңа тарифке қарсы шыққандар өңшең «Топман», «Манго», «Кимекс» секілді әлемдік берндке айналған дүкен желілерінің иелері. Қазір «Мегадағы» көптеген дүкендер саудасын тоқтатып, есігін тарс жапқан. Осыған байланысты, сауда үйінің басшылығы жалға беру ақысын доллар бағамын 270 емес, 210 теңге бойынша алу туралы шешім шығарыпты. Дегенмен, осының өзі кәсіпкерлердің қалтасына ауыр тиеді екен.

Ольга Заутренникова, дәмхана директоры:

Жағдайымыз қиын. Жұмысшыларымыздың жалақысын уақылы төлей алмай, кешіктіріп жатырмыз. Біразын қысқартуға мәжбүрміз. Егер осылай жалғаса берсе, ақыры жабылып тынатын сияқтымыз.

Соңғы жаңалықтар