Алматыда атақты «Наутилус Помпилиус» тобы өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атақты «Наутилус Помпилиус» тобы өнер көрсетеді

Алматыда атақты «Наутилус Помпилиус» тобы өнер көрсетеді

 Алматыда ресейлік танымал әнші, топтың негізін қалаушы Вячеслав Бутусов бастаған «Наутилус Помпилиус» тобы «30 жыл су астында» атты жаңа мерейтойлық бағдарламамен өнер көрсетеді.

  • 11 Ақпан 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Концерт  27 ақпанда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді. Онда танымал топтың «Я хочу быть с тобой», «Разлука» сияқты атақты хиттары мен басқа да, сондай-ақ жаңа әндері орындалады. Бұл топ 1985 жылы құрылған болатын, өткен ғасырдың 80-ші және 90-шы жылдары КСРО-да және кейінірек бүкіл посткеңестік кеңістікте атағы дүркіреп жайылды.

53 жастағы В.Бутусов — кеңестік және ресейлік рок-музыкант, «Наутилус Помпилиус» және «Ю-Питер» рок-топтарының негізін қааушы және көшбасшысы, жазушы. Музыка және мәтіндер авторы, әнші және гитаршы. 


Перейти к новостям спорта