Алматыда «Атилла» мен «Өлімнің» арасында аралас жекпе-жектен қарымта кездесу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Атилла» мен «Өлімнің» арасында аралас жекпе-жектен қарымта кездесу өтеді

Алматыда «Атилла» мен «Өлімнің» арасында аралас жекпе-жектен қарымта кездесу өтеді

Алматыда желтоқсан айында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «ММА» аралас жекпек-жегінен Төлеген Ақылбеков (Атилла) пен Александр Емельяненко (Өлім) арасында қарымта кездесу өтеді.

  • 28 Тамыз 2012
  • 706
Фото - Caravan.kz

Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылып отыр. Оны «Alash pride» клубының жетекшілері бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазақстанның «Alash pride» пен Ресейдің «A.E team» клубтарының бұл саңлақтары арасындағы алғашқы жекпе-жек 2011 жылдың желтоқсанында өткен. Онда әскери самбодан 1999 жылғы Еуропа және 2003, 2005, 2006 жылғы Әлем чемпионы А. Емельяненко тәжірибесі әлі толыспаған еркін күрес бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалисі Т. Ақылбековті ауырту әдісімен қапы қалдырған еді. Бұл жеңілістен ащы сабақ алған «Атилла» биыл 8 маусымда Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Президентінің кубогы үшін ММА халықаралық аралас жекпе-жек турнирінде бойы 2 метр 5 см, салмағы 170 келі болатын «Қаныпезер құбыжық» деген лақап аты бар американдық Боб Саппен жекпе-жек өткізіп, өзінен 43 келі салмақ айырмасы бар қарсыласын бет қаратпай ұтқан болатын. Төлеген қазіргі таңда «WKF» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің Әлем чемпионатының жүлдегері, «Bushido FC 51» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегі бойынша ҚР Президенті жүлдесінің жеңімпазы. Ол енді қарашаның басында Литваның Вильнюс қаласында болатын «Bushido FC Heros» Әлем чемпионатына, ал айдың соңында Англияның Лондон қаласында өтетін «Bushido FC 53» Әлемдік чемпионатына қатыспақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера