Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары әзірленді

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары әзірленді

Алматыда ауаның ластануын азайту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жүзеге асуда

  • 25 Қыркүйек
  • 11
ФОТО: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, алғаш рет алматылық агломерацияда рұқсат етілген шығарындылар көлеміне зерттеу жүргізіліп, жүктеменің 225 мың тоннадан асқаны анықталды. Оның 189 мың тоннасы Алматыға тиесілі. Ластанудың 60%-ы көліктен келеді.

Қазір қалада тәулігіне 1,1 млн-нан астам көлік қатынайды. 2030 жылға қарай халық саны 2,5 млн-ға жетіп, әр мың тұрғынға шаққанда 311 көлік болуы мүмкін. Жүктемені азайту үшін метро, LRT, BRT және аспалы жолдарды жеделдетіп дамыту жоспарланып отыр.

2025 жылдан бастап шығарындыларды нормадан асырғаны үшін айыппұл енгізілді: жеке тұлғаларға – 10-20 АЕК, заңды тұлғаларға – 100-200 АЕК.

Сонымен қатар, атмосфералық ауаны қорғау қағидалары жобасы әзірленіп, мақұлданды. Жыл соңына дейін ол мәслихаттың қарауына ұсынылады.

Перейти к новостям спорта