Алматыда атыс шығарған ер адам терезеден секіріп, мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атыс шығарған ер адам терезеден секіріп, мерт болды

Алматыда атыс шығарған ер адам терезеден секіріп, мерт болды

"Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің 17-қабаттынан секірген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

  • 25 Сәуiр 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

"Күдікті жауапкершіліктен қашу үшін өзін атып тастаған. Артынша өзі пәтердің терезесінен секіріп, көз жұмды", — деді Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Ер адам 1963 жылы дүниеге келген. 

Абрахмановтың айтуынша, полиция атыс қаруын қолданбаған. Сонымен бірге, келіссөздер процесінің барлық кезеңінде күдікті баспалдақтар тарапына шамамен 30 рет оқ атқан.

"Бұл блоктың тұрғындары эвакуацияланды. Осыдан кейін күдіктіні арнайы жасақ ұстау туралы шешім қабылдаған", — дейді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы.

Полиция қызметкерлеріне зиян келмегені айтылады.


Еске салсақ, осыған дейін  Алматыда Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісі жарақат алды. Белгісіз адам оған аңшы мылтығымен оқ атқаны туралы хабарлаған едік.

Атыс шығарған ер адам терезеден секіріп кетті.