«Біз қазір мына ауруханаға келдік. Кейін, екінші ауруханаға барамыз. Бүгін қаза тапқан адамдардың отбасына барып, көңіл айтамыз. Қазір дәрігерлер жарақат алғандардың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр.
Үш полиция қызметкері өте ауыр халде жатыр. Қазір жергілікті дәрігерлерге әскери хирургия саласының мамандары көмектесіп жатыр. Олар дұрыс медициналық шаралар қолданылып жатқандығын айтты. Тағы бір зардап шеккен екі адамның халі тұрақталып келеді», — деді өз сөзінде Б. Байбек.