Оқыс оқиға дүйсенбі күні 13 сағат 10 минутта Шымкент пен Алматы арасында қатынайтын №972 рейсті Ан-24 ұшағы қонатын сәтте болған. «Ұшақтың сол жақ шассиінің қақпағы ұшып кеткен», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеме ақпаратына сәйкес, ұшақта 13 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті