Алматыда ауласында марихуана өсірген ағайындылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ауласында марихуана өсірген ағайындылар ұсталды

Алматыда ауласында марихуана өсірген ағайындылар ұсталды

Алматыда ауласында марихуана өсірген ағайындылар ұсталды.

  • 14 Қыркүйек 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткіге қарсы қылмыстың жолын кесуге, құрамында есірткі бар өсімдікті заңсыз егуге қарсы бағытталған «Допинг» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясы өткізіліп жатыр. Алматы қаласының полицейлері 33 және 31 жастағы ағайындының заңсыз әрекетін анықтады. «Бастапқыда жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Жедел ақпарат расталды. Күдіктілер ұсталды. Ер адамдар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан үйінің ауласында марихуана өсіргені белгілі болды. Бақшадан сот-химиялық сараптамаға сәйкес жалпы салмағы 24 келі 300 грамм болатын 98 түп жабайы қарасора тәркіленді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында ағайындылар қандай мақсатта тыйым салынған шөпті өсіргені анықталады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар