Корея тарапынан форумға Корея Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту Мемлекеттік агенттігінің, Сәндік өсімдіктерді өсіру және бақша шаруашылығын жүргізу бойынша ғылыми-зерттеу орталығының, азық-түлік өнеркәсібін ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері қатысты.
Форумның басты мақсаты — Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның аграрлық экономикалық саласындағы ынтымақтастықты дамытып, жылыту кешендерін «ноу-хау» басқару тәжірибелерімен бөлісу. Форум барысында, сондай-ақ, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында шағын және орта бизнесті дамыту және бизнес-серіктестерді іздеу мәселелері де қарастырылады.
Форум Корея Республикасының Алматыдағы елшілігі, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан кәрістерінің қоғамдастығы мен «Кахак» кәріс ғылыми-техникалық қоғамы, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық сұрақтар бойынша комитеті және Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды.