Жарияланды: 420

Алматыда ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі енді күн сайын өтпек

Алматыдағы тамақ өнімдерінің бағасы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 15-20 пайызға арзан.

Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК" АҚ-ы ұйымдастырған ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде айтты. Бұған олар тамақ өнімдерін сататын павильондардың сауда желісін құру арқылы қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда қалада жоспарланған 30 сауда орындарының 9-ы жұмыс жасауда. Тұрақты түрде күн сайын жұмыс жасайтын мұндай ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде тамақ өнімдері қаладағы нарықтық орташа бағадан 10-20 пайызға төмен. Бұған дейін ол демалыс күндері ғана ұйымдастырылып келген еді. Осы аптадан бастап бұл шара дүйсенбіден басқа күндері тұрақты түрде өткізілуде. "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аймақтық тұрақтандыру қорын құру үшін 30 мың тоннаға жуық түрлі жеміс-жидек өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасаған болатын. Ал жыл басында қалалық мәслихат корпорацияға 1,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлген. Ол жеміс-жидек өнімдерінің бағасын ұстап тұруға міндеттеліп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін