Бас қосу Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан ауылшаруашылығы министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырылады. Форумға қатысушылар аймақтағы құс шаруашылығы өнеркәсібінің қазіргі ахуалы, түйткілдері мен саланың келешегі туралы талқылайды.
Құс шаруашылығына озық технологияларды енгізу, өңдеу саласында қосымша құн жасау жөніндегі тәжірибелерімен бас қосуға қатысатын Нидерланды Корольдігі мен Германиялық мамандар бөліседі.
Сонымен бірге конференцияда дүниежүзі мен Қазақстандағы құс тұмауына қатысты ахуал сарапқа салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті