Кешке жас ақындар, қазақ эстрадасының әншілері, сонымен қатар, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш барысында жас ақындардың отансүйгіштікке, тәуелсіздікке, ауылдың гүлденуіне арналған жыр-өлеңдері оқылып, ауылды қайта түлету мен гүлденуге байланысты келелі ойлар айтылды. Сонымен қатар, эстрада жұлдыздарының орындауларында ауылға арналған әндер шырқалды.
Бұнымен қатар, кеш аясында кітапханада «Ауылым- әнім» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш барысында: «Салт, дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры ауылдарымызда сақталған. Ауыл қазақтың күретамыры. Ұлт руханиятының ошағы да содан бастау алады»,-деп атап өтілді.
Аталмыш шара қазан айының «Ауылды қайта түлетуге» арналғандығына орай арнайы өткізілді.