Алматыда автобөлшектерді сақтауға және сатуға арналған 5 қабатты ғимарат отқа оранып жатыр
Бүгін түнгі сағат 02.57-де Алматының Алатау ауданында автобөлшектерді сақтауға және сатуға арналған 5 қабатты ғимарат өртене бастады. Өрттің таралуы сағат 05.34-те тоқтатылды. Жалын шарпыған аумақ 1200 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 65 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылуда. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін