Алматыда автобус "маска тағып алды" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобус "маска тағып алды"

Алматыда автобус "маска тағып алды"

 

  • 21 Шiлде 2020
  • 37
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде маска "таққан" автобустың суреті пайда болды. Әкімдік бұл акцияны кім және не үшін ұйымдастырғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап. 

Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында "маска таққан" автобустың суреті пайда болған. Кей желі қолданушыларына бұл идея ұнаған. Бірақ соның ішінде бұл акцияға қанша ақша жұмсалғанына қызыққандар да болған.

Алматы әкімдігі суретке қатысты түсініктеме берді.


"Бұл тасымалдаушының ұсынысы, оған жарнама компанияларының бірі көмектескен. Оған ешқандай қаржы жұмсалмады, тек қалалықтарға маска тағып жүрудің маңызын көрсеткіміз келді. Масканы тек бір автобус "тақты", — деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар