Алматыда автобус өртенді, ешкім құрбан болған жоқ (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобус өртенді, ешкім құрбан болған жоқ (толықтырылған нұсқасы)

Алматыда автобус өртенді, ешкім құрбан болған жоқ (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда автобус өртенді, ешкім құрбан болған жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік басқармасына сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 324
Фото - Caravan.kz

мекеменің хабарлауынша, Жандосов көшесінде Жеміс-консерв комбинаты маңында 10 шаршы метр аумақта бос автобус өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бостандық аудандық өртке қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабар бүгін сағат 10.30-да келіп түскен, өрт сөндірушілер 10 минутта келгенімен, ол кезде автобус толық жанып кеткен. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

№3 автобус паркіне тиесілі №30 бағытты автобус жөндеуге кетіп бара жатқандықтан, онда адамдар болмаған. Жүргізуші капоттың астынан түтін шығып жатқанын байқап, оны ашқан кезде жалынды көрген. Өрт жылдам таралып кеткендіктен, ол өрт сөндіруші құралмен өз бетімен сөндіре алмай қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар