Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне коммуналдық автопарк диспетчері мәлім етті.
«Бүгін 30-шы бағдардағы автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Себебін әлі білмейміз, жүргізушілердің неге көңілі толмай отырғанын біле алғанымыз жоқ», — деп хабарлады автопарктен.
Автопарк өкілінің айтуынша, жүргізушілер ереуілге шықпаған, тек жұмысын атқарудан бас тартып отыр. Қазіргі уақытта 30-бағдар ғана емес, №32, №121-бағдарлардың жүргізушілері де жұмысқа шықпай отыр.