Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырған жерінде қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырған жерінде қайтыс болды

Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырған жерінде қайтыс болды

Алматыдағы N92 автобус жүргізушісі рөлінде отырған жерінде қайтыс болды.

  • 27 Қаңтар
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бүгін Алматыда болған мына оқиға мені шошытты. Қалааралық N92 автобус жүргізушісі рейсте рульде отырған жерінде қайтыс болды. Рульге жабысып қалған жүргізушіні көрген жолаушының бірі жедел әрекет етіп, тормоз басып, қоғамдық көлікті тоқтатқан. Жолаушылар дін аман, бірақ автобус жүргізушісі инфарктан қайтыс болды.
Рейс алдында медициналық тексеруден өткен жүргізуші қайтарда енді ешқашан оралмасын білмеді-ау. Бұл қаншасыншы рейсі екен? Кешке қандай жоспарлары болды екен. Үйінде әкесін сағына кімдер күтіп жүрді, ойласам жүрегім ауырады.
Жүрек демекші, өткенде ұшақта естен танған соң жүректі біраз тексеруден өткіздім. Холтер тағуға кезекте тұрмын. Кабинеттен қазақ егде жастағы ерлі-зайыптылар шықты. Еркек:

Жүрек қағысыңыз баяу, ишемия бар. Толық біраз тексеруден өтуіңіз керек, келесі кезегіңіз 2-3 сағаттан соң, деді.
Еркек әйеліне “Қой, барып 2-3 сағат такси болып келейін” дегенде “өзге ұлт болса мне лечиться надо деп күтінеді, қазақпыз ғой” деп мырс еттім.
Бірақ, ол таксист қайта оралды ма, жоқ па білмедім.
Жүректі аялаңыздар, күтініңіздер! деп ұшақта мені күтіп, асты-үстіме түсіп бәйек қаққан министрдің жанындағы әріптесі, республикалық АМСК жүйесінің жетекшісі Айгүл Қасымова да апта бұрын жүректен кетті.
Жүрек білдіртпей алып ұрады, жас-кәріге қарамайды. Жүректі аялаңыздар”, — деп жазды журналист.