Алматыда автобуста ер адам телефонмен сөйлескені үшін әйелді шапалақпен тартып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобуста ер адам телефонмен сөйлескені үшін әйелді шапалақпен тартып жіберді

Алматыда автобуста ер адам телефонмен сөйлескені үшін әйелді шапалақпен тартып жіберді

Қоғамдық орындарда адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру қылмыс болып саналады.

  • 26 Қараша
  • 6
Фото: видеодан алынған

Қалалық 126-атобустағы жағдай әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеоға түскен сәттен байқауымызша, әйел телефонмен дауыстап сөйлесіп жатқан кезде ер адам оны шапалақпен тартып жіберген. Жанындағы жолаушылар ер адамды сабырлыққа шақырып жатқанын естуге болады.

Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзінің жауабында әйел адам телефонмен қатты сөйлесіп, басқа жолаушылардың тыныштығын бұзды дейді. Сондай-ақ ол ескерту жасаған кезде, әйел оған боқауыз сөз айтқан.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Алматы қалалық Полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамды ұру қылмыс болып саналады. Егер адамды ұру салдарынан оның денсаулығына зиян келтірілсе, бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде қарастырылады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен жазаланады. Мысалы:
— 106-бап: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.
— 107-бап: Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру.
— 108-бап: Жеңіл дене жарақатын салу.

Сонымен қатар, қоғамдық орында адамның абыройын немесе тыныштығын бұзатын әрекет ұсақ бұзақылық ретінде танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес жазаға тартылуы мүмкін. Бұл жағдайда айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу қолданылады.

Егер бұл әрекет топтық сипатта, қару қолдану арқылы немесе ауыр зардаптармен жасалса, қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі.