«Көлік холдингі» қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған, ал «ОҢАЙ» сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген», — делінген хабарламада.
Аталған келеңсіз жағдайға байланысты «АвтоТрансГаз» ЖШС-нің басшысы Бауыржан Кулишевке ескерту жасалған, егер тәртіп бұзушылық тағы да қайталанатын болса – Алматы қаласының Мобилділік басқармасы бағыт бойынша қызмет көрсету келісімін бұзуға дейін тиісті шара қолданбақ.