Алматыда автобустар терминалдарды әдейі өшіріп келген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобустар терминалдарды әдейі өшіріп келген

Алматыда автобустар терминалдарды әдейі өшіріп келген

«АвтоТрансГаз» ЖШС қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобустарда жолақысы электронды түрде төленетін терминалдарды өшіріп тастау оқиғалары жиі кездесе бастаған.  Бұл туралы Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

«Көлік холдингі» қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша а

  • 24 Қаңтар 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

«Көлік холдингі» қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған, ал «ОҢАЙ» сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген», — делінген хабарламада.

Аталған келеңсіз жағдайға байланысты «АвтоТрансГаз» ЖШС-нің басшысы Бауыржан Кулишевке ескерту жасалған, егер тәртіп бұзушылық тағы да қайталанатын болса – Алматы қаласының Мобилділік басқармасы бағыт бойынша қызмет көрсету келісімін бұзуға дейін тиісті шара қолданбақ.


Соңғы жаңалықтар