Алматыда автобустардың жолақысы көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобустардың жолақысы көтерілді

Алматыда автобустардың жолақысы көтерілді

Қоғамдық көліктермен жол жүретін жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

  • 19 Шiлде
  • 13
Фото: ашық дереккөз

Депутаттар қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді.

Алматыда 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді.

Қоғамдық көліктермен жол жүретін жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілгенін еске салды.  Осыған қарамастан субсидия көлемі 20%-ға өсті. Себебі бүгінгі шынайы тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жетеді. Осы сомамен қолданыстағы тариф айырмашылығын әкімдік осы күнге дейін жауып келеді. Бірақ қала бюжетіне жүктемені азайту қажеттілігі бар. 

«Жолаушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге артып, қолма-қол ақшасыз төлем – 120 теңге болып бекітілді. Бұл шешім субсидия көлемін 7 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Ал, қолма-қол төлем — 200 теңге алынып тасталды.

«Жыл сайын автобустарға, қосалқы бөлшектерге және өзге де шұғыл шығыстарға бағаның өсуі тіркелуде. Қосалқы бөлшектерді уақтылы сатып алу мүмкін емес, ал бұл жолаушылар тасымалының сапасына теріс әсер етуде. Соның салдарынан қала тұрғындары әділ шағымдар жасайды. Әкімдік пен жеке тасымалдаушылар жылжымалы құрамды үнемі жаңартып отыру және жұмыс істеп тұрған автопаркті сапалы күтіп ұстау үшін орасан зор қаражат бөлуге мәжбүр», — деді Сағындық Телібаев.

Алматы әкімдігі 2023 жылы 600 газбен жүретін автобус, 100 троллейбус сатып алды. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 автобус жеткізді. Биыл тағы сонша автобус,112 троллейбус және 100 электравтобус сатып алу жоспарда. Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70% — ға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Қоғамдық көліктердің орташа қолдану мерзімі-3 жыл.

Сондай-ақ Алматы автопарктері жолақыны 20 теңгеге көтеруге қарсы шығып, кем дегенде 180 теңге болуын талап еткен болатын.