Алматыда автокөліктер мен оның қосалқы жабдықтарына арналған "Автошоу-2003" атты 6-халықаралық көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автокөліктер мен оның қосалқы жабдықтарына арналған "Автошоу-2003" 
атты 6-халықаралық көрме ашылды

Алматыда автокөліктер мен оның қосалқы жабдықтарына арналған "Автошоу-2003" атты 6-халықаралық көрме ашылды

22-қазанда Алматыда автокөліктер мен оның қосалқы жабдықтарына арналған "Автошоу-2003" атты 6-халықаралық көрме ашылды. Шараны "Атакент-Экспо" көрме компаниясы мен автокөлік дилерлерінің Қазақстандық одағы бірлесіп ұйымдастырған.

  • 22 Қазан 2003
  • 544
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің мақсаты — отандық компаниялар тарапынан еліміздегі автокөлік рыногінің даму деңгейін паш ету, сондай-ақ, әлемдік автокөлік индустриясының соңғы жетістіктерін ортаға салу болмақ. Көрмеде алғаш рет «Азия Авто» зауытында құрастырылған қазақстандық «Нива» көлігі көрермен назарына ұсынылады.

25-қазанға дейін жалғасатын «Автошоу-2003» көрмесінің жұмысына әлемдік беделді автокөліктерді импорттаушылар мен дистрибьюторлар, ресми дилерлер, көлік жабдықтары, автокөлік доңғалақтары, автомайлары мен қосалқы тауарларды өндіруші компаниялар қатысады.
Ұйымдастырушылардың топшылауынша, көрмеге шамамен 25 мың адам келеді деп күтілуде. Көрме аясында қалыптасқан дәстүрге сәйкес картинг және көлікті үлкен жылдамдықта мәнерлеп айдаудан байқаулар өткізіліп, әртүрлі лотереялар, семинарлар мен тұсаукесер рәсімдері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар