Алматыда автокөліктерге тонаушылық жасайтын топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автокөліктерге тонаушылық жасайтын топ құрықталды

Алматыда автокөліктерге тонаушылық жасайтын топ құрықталды

Алматы. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда автокөліктерге тонаушылық жасайтын топ құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қазан 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұрылардың ізіне Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері топтың бір мүшесін қылмыс үстінде құрықтаған соң шыққан. 24 жастағы жігіт «Көктем» ықшамауданындағы бір үйдің жанына қойылған «Фольксваген Гольф» көлігінің дөңгелектерін алуға әрекет жасап жатқан кезде ұсталған.

«Сол тұстан өтіп бара жатқан күзет полициясы полкының қызметкерлері жігітті тексеруге шешім қабылдайды. Жігіт тәртіп сақшыларына бірден барлық жайтты жайып салып, өзінің сыбайластарын атап, ұрланған заттарды сататын жерлерін де көрсеткен», — деп хабарлайды Бостандық АПБ криминалдық полициясы бөлімінің бастығы, майор Сергей Федорченко.

Оның айтуынша, жігіт көрсеткен жерге барған оперативтік қызметкерлер «Айнабұлақ» ықшамауданындағы бір бөлмелі пәтерден ұрланған заттардың қоймасын тапты.

«Тінту кезінде ішінде 770 тымағы бар үлкен сөмке шыққан. Оны да қылмыскерлер кезекті жортуылдан кейін «тапқан». Олар осыдан екі апта бұрын шағын кәсіпкердің шағын автобусына тонаушылық жасап, одан 2,5 млн теңгенің тауарын алып кеткенін мойындады. Ұрланған заттарды өткізіп үлгермегенмен, оны сататын адамды тауып үлгерген көрінеді», -деді С. Федорченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар