Алматыда автошоу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автошоу өтеді

Алматыда автошоу өтеді

«Дакар - 2011» ралли-марафонына қатысатын «Астана» бірінші қазақстандық командасы Алматыға келді.

  • 29 Қазан 2010
  • 502
Фото - Caravan.kz

Айтулы додаға қатысатын КамАЗ көлігін оңтүстік астанаға команда жетекшісі Артур Ардавичус жеткізді. Оған досы және әріптесі, ресейлік «КамАЗ-мастер» командасының жүргізушісі Андрей Каргинов жолсерік болды. Олардың экипажы қыркүйек айындағы «Silk Way Rally 2010» жарысына қатысып, онда 6-шы орынға тұрақтаған. Каргинов сонымен бірге астаналықтармен «Дакар — 2011» сайысына да қатысқалы отыр.

Жалпы команда тарихы 12 жылды қамтиды. Бұған дейін бірнеше жарыстарда жүлделі орындарға ие болған топ енді басты жарыс — «Дакарға» қатысқалы отыр. Команда құрамына директор Марат Абықаев, жүргізуші Артур Ардавичус, штурман Денис Березовский және механик Жанат Жәлімбетовтер кірген.
Енді топ мүшелері өз өнерлерін қазанның 30-ы күні «Астана» алаңында көрсетеді. Онда басты кейіпкерлерден басқа қазақстандық танымал шабандоздар, дрифтерлер мен каскадерлер де қатысады. Сонымен бірге, шараға қолдау көрсетіп отырған Алматы қаласы әкімдігі мен Автомотоспорт қауымдастығы өкілдері де болады. Автошоу тегін өткізіледі. Шоу аяқтала салысымен, астаналықтардың КамАЗ-ы «ДАКАР — 2011-ге» қарай жолға шығады. Бұл жолғы жарыс Аргентина-Чили бағытында өткізілгелі отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера