Алматыда қалалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі паркингте ер адамға оқ атылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға Бостандық ауданында Тимирязев көшесінде 23 қаңтар күні болған. «Бостандық аудандық ІІБ Алматының 1983 жылғы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жапа шегуші аяғынан жараланып, ауруханаға жатқызылды. Оның өміріне қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша олар өзара жанжалдасып қалған», — деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның себебін, атқан адамның тегін және қаруды анықтау үстінде.