Алматыда әжесі балдақпен сабаған мүгедек қыз ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әжесі балдақпен сабаған мүгедек қыз ауруханаға жатқызылды

Алматыда әжесі балдақпен сабаған мүгедек қыз ауруханаға жатқызылды

Алматыдағы №2-ші балалар үйінің тәрбиеленушісі, сал ауруы (церебральный паралич) бар 6 жасар қыз бала, Ресейден келген туған әжесі балдақпен ауыр жарақат салуы себепті ауруханаға жатқызылды.

  • 6 Шiлде 2011
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Қазір 1-ші балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатқан баладан дәрігерлер бас сүйегінің жарақатын,миының шайқалғанын және бірқатар айтарлықтай жарақаттарының барлығын анықтаған», — деп құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.

Олардың айтуынша, таяқ жеген қыз баланы жедел жәрдем сенбі күнгі түнгі 1-лер шамасында оның анасының Сайн көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерінен алып кеткен.

Сұхбатшыларымыздың айтуынша, баланың анасы бұрындары есірткі үшін сотталып, 5 жыл бұрын аналық құқығынан айрылған екен.

Өзінің немересін ұрған Томскі облысының (РФ) тұрғыны, 73 жасар зейнеткерден оқиғаны тексеру аяқталмайынша, ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар