«Қазір 1-ші балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатқан баладан дәрігерлер бас сүйегінің жарақатын,миының шайқалғанын және бірқатар айтарлықтай жарақаттарының барлығын анықтаған», - деп құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.
Олардың айтуынша, таяқ жеген қыз баланы жедел жәрдем сенбі күнгі түнгі 1-лер шамасында оның анасының Сайн көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерінен алып кеткен.
Сұхбатшыларымыздың айтуынша, баланың анасы бұрындары есірткі үшін сотталып, 5 жыл бұрын аналық құқығынан айрылған екен.
Өзінің немересін ұрған Томскі облысының (РФ) тұрғыны, 73 жасар зейнеткерден оқиғаны тексеру аяқталмайынша, ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат алынды.