Алматыда «Бабалар ізімен» атты фотокөрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Бабалар ізімен» атты фотокөрме ашылды

Алматыда «Бабалар ізімен» атты фотокөрме ашылды

Бүгін ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайда Алматыдағы Венгрияның Бас консулдығының ұйымдастыруымен, «Кез келген талғамнан шығар Венгрия» ұранымен Венгрия Республикасының Еуроодаққа төрағалық етуі құрметіне орай «Бабалар ізімен» атты фотокөрме ашылды.

  • 18 Наурыз 2011
  • 605
Фото - Caravan.kz

Көрме «Тұран перзенттері», «Венгрияға көзқарас», «Венгриялық және еуропалық Ференц Лист» атты үш бөлімнен тұрады. Көрмеге қойылған суреттердің бірінші бөлімі Еуропада өткізілген қазақ-венгриялық үш ең ірі этнофестиваль — «Тұран Құрылтайы» жайында баяндайды. Оған әлемнің 14 елінен Тұран текті жұрттардың 90 мыңға жуық өкілдері қатысқан болатын. Екінші бөлімдегі «Венгрияға көзқарас» стендтері елтану тақырыбына арналса, үшінші бөлім композитор Ференц Листтің 200 жылдығына арналған.

Көрме наурыз айының 31-не дейін жалғасады.

Аталмыш шара аясында бүгін Алматыда «Қазақтар мен мадиярлардың расогенетикалық және этникалық байланыстары жөніндегі антропологиялық зерттеулер» тақырыбында ғылыми семинар басталады. Семинарға ҚР МОМ мен Венгр Жаратылыстану тарихы мұражайы арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы хаттама аясында әріптестерге кеңес беру, антропологиялық зерттеулер жүргізу мақсатында Венгриядан арнайы келген көрнекті венгр антропологтары қатысады. Онда антрополог-генетик, доктор Биро Андраш Торғай өңірінде тұратын қазақтарды мадияр халқымен салыстыра зерттеу нәтижелері туралы әңгімелемек. Шараға сонымен қатар, қазақстандық археолог, тарихшы, этнологтар қатысады. Бұл шара он бір ғасыр бұрын шығыстан барып, Карпат қойнауына біржолата орын тепкен, өзінің мемлекеттілігі мен мәдениетін үзбей сақтап келе жатқан туысқан мадияр (венгр) халқы мен қазақтар арасындағы тарихи сабақтастықты дәріптеуге арналған.

Перейти к новостям спорта