Алматыда бағыты өзгерген автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бағыты өзгерген автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Алматыда бағыты өзгерген автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Алматыда автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды! Олар  көліктерінің бағыты өзгергеніне осылайша наразылық білдіркде. Яғни жуырда тоқтатылған трамвай бағыттары солардың мойнына артылыпты. Салдарынан жолаушылар саны екі есе азайып, бағыт тиімсіз бола бастаған. Бірақ соған қарамастан паркке күнделікті тапсырылатын ақша көлемі өзгеріссіз қалды дейді наразы жүргізушілер.

  • 4 Қараша 2015
  • 288
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы трамвайдың жоқтығы шойын жолға үйреніп қалған тұрғындарға ғана емес, мына автобус жүргізушілеріне де кері әсер етіпті. Жолаушылар көліксіз қалмасын деген басшылық бір күнде-ақ бағытты өзгертіп тастаған. Сондықтан №112 автобус енді қала шетіндегі «Алтын орда» базарына бармай, шаһар ішінде шыр айналып жүрмек. Бұнымен келіспеген жүргізушілер бүгін жұмысқа шығудан бас тартты.   

Марғұлан Алпысбаев, автобус жүргізушісі:

Халықтың көңілі толмайдыолардың қарғысын біз алып жатырмыз Маршрутты өзгерткені еткені үшін. Маршруттағы адамдар жайлы ешкім ойлаған жоқ. Шопырларды ешкім ойлаған жоқ.Бізге қанша ақша төлейтінін айтпай отыр. 

Автобус жүргізушілері бағыт өзгергеннен кейінгі алғашқы 3 күнде-ақ табыстың еселеп азайғанын байқаған. Ал олардың жалақысы тікелей валидаторда жиналған ақшаға тәуелді екені белгілі. Сонымен қатар ескі нөмірдегі бағыттың жаңа жолы жолаушы тасымалдауға толық жасақталмапты.

Әбдірахман Балтабаев, автобус жүргізушісі:

-Сәтпаев көшесінің бойында автобус аялдамалары жоқ. Біз ол жерлерде тоқтай алмаймыз, себебі бұл жол ережесін бұзу болып есептеледі. Бір жолаушы үшін 43 мың теңге айыппұл салынады.

Базынасын басшылыққа айтпақ болған жүргізушілерді муниципалдық автобус паркінің директоры қабылдауға асықпады. Сондықтан олардың қақпадағы күзетті ығыстырып ішке күшпен кіруіне тура келді.


-Кіргізбей жатыр ғой.

-Не үшін кіргізбей жатырсыз? Соны айтпайсыздар ма?

 -Бастықтар жоқ қой!

Жаңа жұмыс тәртібімен келіспегендердің орнына өзге маршруттағы жүргізушілер қойылыпты. Ал әкімдіктегілердің ойынша, 40-тан астам адамның әлден бұлай шу шығаруы негізсіз.

Ерлан Әділов, Алматы қалалық  жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары:

-Маршруттың жолға шыққанына 3 күн ғана болды. Осы уақытта оны реттеу, жұмысын бір жолға қою мүмкін емес. Бұл жолаушыларға қолайсыздық тудыратыны сөзсіз.

Айта кететін жәйт, бір ай бұрын осы паркке тиесілі №80 бағыттағы автобус жүргізушілері негізсіз ақша жиналады деп бас көтерген еді. Ол кезде директор қол астындағыларды тәртіпке саламын деп уәде еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар