Алматыда "Байсат" базары өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Байсат" базары өртке оранды

Алматыда "Байсат" базары өртке оранды

Алматыда жексенбі күні таңертең "Байсат" базарында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама "101" нөміріне 05:57-де түскен.

  • 5 Желтоқсан 2016
  • 838
Фото - Caravan.kz


"Оқиға орнына күш пен құралдар жіберілді. Алғашқы өрт сөндірушілер бес минут ішінде жетті – 6:03-те. Өрт сөндіруші құтқарушылар келген кезде жағдай былай болатын: контейнерлер лапылдап жанып жатқан. Өрттің күрделілігі үшінші дәрежелі деп бағаланды", — деді Баймұхамбетова. Оның сөзіне сүйенсек, өрт 06:57-де ауыздықталып, 07:19-да толықтай өшірілді.  Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады, зардап шеккендер жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар