Алматыда "Бахус" АҚ-ның экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалып, 476 мың теңге тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Бахус" АҚ-ның экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалып, 476 мың теңге тоналды

Алматыда "Бахус" АҚ-ның экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалып, 476 мың теңге тоналды

Алматыда "Бахус" АҚ-ның экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалып, 476 мың теңге тоналды. Бұл туралы бүгін, 9-желтоқсанда Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 781
Фото - Caravan.kz

Қарақшылық шабуыл туралы ақпарат ІІББ-ның орталық шұғыл басқармасының пультіне 8-желтоқсанда 20 сағат 50 минутта келіп түскен. 12-ықшамаудандағы №5 үйдің ауласында бетперде киген біреулер оның басынан таспен ұрып жіберіп, қолындағы ақша салынған сөмкені алып кеткен. Қылмыс орнына келген күзетшілер жасағы шабуыл жасағандардың біреуін ұстады. Қылмыскер — «Бахус» АҚ-да істейтін 19 жастағы жүк тиегіш жігіт болып шықты.

Қазір тәртіп сақшылары инкассатордың сөмкесін алып із жасырып үлгерген оның сыбайласы- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 20 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр.