Алматыда бала асырап алған отбасының проблемасына Назарбаевтың өзі араласуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бала асырап алған отбасының проблемасына Назарбаевтың өзі араласуы мүмкін

Алматыда бала асырап алған отбасының проблемасына Назарбаевтың өзі араласуы мүмкін

Қоғам қайраткері, "ДОМ" қайырымдылық қорының басшысы Аружан Саин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиге ашық хатпен шығып отыр.

  • 28 Ақпан 2017
  • 3237
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Аружан Саин Елбасынан тастанды баланы асырап алған алматылық Гүлжан Қилыбаеваның проблемасын шешіп беруін сұрауда. Бүгінде 2 жасқа толған сәбидің биологиялық анасы табылып, ол сот арқылы бүлдіршінді қайтарып алмақшы. Ал, балаға бауыр басқан ата-ана қандай жолмен болса да сәбиден айрылмаймыз деп бекініп отыр. Кішкентай баланың өзі де көзін ашқалы Гүлжан мен Бақыттың қамқорлығын көріп келеді. Ал, сот болса сәбиді биологиялық анасына қайтаруға шешім шығарыпты.

Мемлекет басшысына жазған ашық хатында Аружан Саин соттың осынау шешімін аса үлкен қателік екенін айтқан.

"Жоғарғы сот, Алматы қаласының соты, Алматы қаласының ювеналды соты, біз Сіздерден тек кішкентай сәбиді асырап алған ата-анасы Гүлжан мен Бақытқа қайтаруын сұрап отырғанымыз жоқ, сонымен қатар, асырап алушы барлық ата-ана мемлекеттің қорғауында деген сенімді қайтаруларыңызды сұраймыз", — делінген Аружан Саинның ашық хатында.

Ол сондай-ақ, сотты ата-ана мен сәбидің тағдырын ойыншық қылмауға шақырды.


"Балаға жүрегімен байланбайтындай, оны жан-тәнімен сүймейтіндей — адам робот емес. Қажет пе — тастай саламын, қажет пе — қайта аламын дейтін биологиялық аналардың қалауын да түсіне алмаймыз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, көмектесіңіздер", — дейді А.Саин өзінің Президентке жазған ашық хатында.

Айта кетейік, Гүлжан Қилыбаева күйеуі Бақыт екеуі сәбиін 5 айлық кезінде асырап алған. Оның биологиялық анасы баладан перзентханада-ақ бас тартыпты. Алайда, сәби 2 жасқа толғаннан кейін анасы қайта табылып, енді сот арқылы баланы қайтарып алмақшы.