Алматыда «Бала дауысы» бірінші ұлттық ән байқауы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Бала дауысы» бірінші ұлттық ән байқауы басталады

Алматыда «Бала дауысы» бірінші ұлттық ән байқауы басталады

Ертең Алматыдағы Республика сарайында Қазақстанда алғаш рет «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы бастау алады.

  • 13 Мамыр 2016
  • 871
Фото - Caravan.kz

Жобаны іске асыратын «Жандану әлемі» қоры. Осы ретте Алматыда арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Бұл шара елімізде тұратын халықтардың тілдерінде жаңа балалар әндерін шырқап, оларды кеңінен тарату арқылы бала бойында шығармашылық қабілетті арттыру мен білім беру ұйымы ұстаздарына әдістемелік көмек беру мақсатын көздеп отыр. Байқауға 7-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қазіргі кезде екі мың өтініш түскен. Іріктеуден өткен 16 қатысушы осы жылдың қазан айында Астанада финалдық концертке қатысып, араларынан үздік әнші бала анықталатын болады.


Мұрат Исаханов, Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы:

— Бұл әлеуметтік жоба. Сол себепті біз баланың кәсіби музыкалық білімінің бар-жоғына қарамай, байқауға қатысуға шақыра береміз. Ең бастысы баланың өнерге деген талпынысы болуы шарт. Байқау 21 мамырдан бастап 5 тамызға дейін өтетін болады. Аяғында қорытынды шығарып, еліміздің 16 жас дарыны анықталатын болады.

Перейти к новостям спорта