Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктегілердің айтуынша, 2021 жылдың 24 желтоқсанында №58 балабақшада балалар 2017 жылы туған өзге баланы соққыға жыққан. Қызметтік тексеріс жүргізілген.
"Оқиғадан кейін топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметтерінен босатылды. Әуезов ауданы білімі бөлімінің және мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру бөлімінің басшысына бақылау жасамағаны үшін тәртіптік жаза тағайындалды", — деді Алматы қаласы білім басқармасында.
Зардап шеккен балаға ата-анасының рұқсатымен психологиялық қолдау көрсетілуде. Жағдайы қанағаттанарлық.