Алматыда балаларға арналған музыкалық комедия фильмінің тұсаукесері болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда балаларға арналған музыкалық комедия фильмінің тұсаукесері болды

Алматыда балаларға арналған музыкалық комедия фильмінің тұсаукесері болды

Бүгін Алматыда «Мега» сауда ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда тұңғыш рет елімізде балаларға арналып түсірілген «Әнші болғым келеді» атты музыкалық комедия фильмінің премьерасы болып өтті.

  • 15 Наурыз 2011
  • 803
Фото - Caravan.kz

Фильм сценарийінің авторы және қоюшы режиссері Данияр Саламат. Кинотуынды идеясының авторы және бас продюсері Алтын Маханбетова.

Бұл фильмнің кейіпкерлері «Әнші болғым келеді» продюсерлік орталығының талантты өнерпаздары. Бас кейіпкерді 10 жасар Әйгерім Мергенбай ойнайды. Оқиға Әйгерімді футбол десе ішкен асын жерге қоятын 10 жасар Жасұланның жақсы көріп қалуы, осыған орай Әйгеріммен бірге студияға барып ән салып жүрген досы Ақжанның екеуін таныстыру бағытында жасаған күлкілі іс-әрекеттері төңірегінде өрбиді. Фильмге сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген артисі Лидия Кәденова, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Рахман Омаров пен Кенжебек Шайқақов, Бауыржан Ордин сияқты өзге де өнер шеберлері түскен.

Перейти к новостям спорта