Алматыда балаларға арналған жаңа емхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда балаларға арналған жаңа емхана ашылды

Алматыда балаларға арналған жаңа емхана ашылды

Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай, бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен жаңадан салынған №2-ші балалар емханасы ашылды.

  • 1 Маусым 2011
  • 535
Фото - Caravan.kz

Емхана қаланың ең үлкен және халық көп тұратын Әуезов ауданында орналасқан. Соңғы жылдары бұл ауданға қала маңындағы ауылдар қосылған болатын.

210 орынға арналған, 4 блокты көпсалалы Балалар емханасы түгелімен заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оның құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Құрылысты УМС-В мердігер компаниясы жүргізген. Емхана 4 қабаттан тұрады. Онда клиникалық-диагностикалық зертхана, функцианалдық диагностикалық бөлімше, пульманология және Балалар неврология бөлімшелері орналасқан.

«Көппрофильді емхана Елбасының «100 мектеп, 100 емхана» бағдарламасы аясында ашылып отыр. Емхананың құрылысы дәл Балаларды қорғау күніне орай аяқталып, ашылуы жақсылықтың нышаны. Соңғы екі жылда Алматыда бүгінгі заманға сай медициналық техникамен жабдықталған жеті медициналық мекемелер ашылып, қолданысқа берілді. Ондай құрылыс біздің қаламыздың тарихында болған жоқ. Оның бәрі Елбасымыздың, үкіметтің, қала басшыларының жүргізіп отырған саясаты арқасында, халқымыздың денсаулығы мықты болсын деген ниетпен арнайы халық үшін салынуда. Бұл емхананың құрылысына мемлекет 5,5 млрд. теңге бөлді, ол аз қаржы емес, дағдарысқа қарамастан денсаулық сақтау мекемелерін салуға мемлекет үлкен көңіл бөлуде»,-деп атап өтті қала әкімі Ахметжан Есімов.детская-поликлиника

Қала басшысы ақ халатты жандардың ерекше қызметін атап өтіп, дәрігерлердің игілікті жұмыстарына сәттілік тіледі. Ол сонымен қатар, ең үздік емханалардың біріне айналады деген үмітін білдіріп, емханаға жедел-жәрдем көлігін сыйға тартты.

№2 балалар емханасының басшысы Ирина Брежнева өз кезегінде қала басшысы мен құрылыс компаниясына алғысын білдірді. «Соңғы медициналық жабдықтармен жұмыс істеу үшін біздің дәрігерлеріміз арнайы оқудан өтіп, біліктіліктерін арттырды. Біз енді жаңа үйіміз жылы да, жарқын болсын, балаларымыз аз ауырсын деп тілейміз»-деді ол.

Шараның ресми ашылу салтанатынан кейін қала басшысы емхананы аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар