Алматыда баласына дұрыс тәрбие бермеген 27 адам ата-ана құқығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда баласына дұрыс тәрбие бермеген 27 адам ата-ана құқығынан айрылды

Алматыда баласына дұрыс тәрбие бермеген 27 адам ата-ана құқығынан айрылды

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жасалатын қылмыстардың алдын-алу мен жолын кесу, қараусыз қалған балаларды қадағалау үшін полицейлер 17 жедел алдын-алу шараларын өткізді. Онда құқық бұзғандары үшін 731 жеткіншек арнайы есепке алынып, оқудан жалтарған 568 бала әшкереленді. Сондай-ақ баласын тәрбиелей алмаған 459 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 253
Фото - Caravan.kz


Қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыстардың алдын алу департамент жұмысының басты бағыттарының бірі. Қазір кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерде 800 жасөспірім тіркеуде тұр. Оның 351-і қасақана оқудан бас тартқандар, 208-і қараусыз қалғандар. Бұдан басқа жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1186 бала мектеп инспекторларының жіті назарына алынған. Ата-аналық міндетін атқармаған және баласына дұрыс тәрбие бермеген 27 адам ата-аналық құқықтарынан айрылып, 39-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.