Алматыда банктердің біріне шабуыл жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
"Бүгін 2016 жылдың 25 қазанында сағат таңғы 8.10-да Алматы қалалық ІІД Жедел әрекет ету орталығына "Центркредит" банкінің бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасалды деген хабар келіп түсті, Алматының Алмалы ауданында, мұның салдарынан белгісіз екі адам оның қаруын тартып алған", — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған. Қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған шаралар кешені өткізіліп жатыр.