Қоғамдық қор өкілдерінің айтуына қарағанда, көрме Алматыдағы «Арбатта» өтіп жатқан. Суреттер қойылғаннан кейін екі сағат өткен соң, Жетісу ауданының учаскелік полиция қызметкері лейтенант Азамат Нұржанов полицейлерге хабар берген. Осында келіп жеткен құқық қорғаушылар ұйымдастырушы төрт азаматты және сурет көрмесін түсіріп жатқан адам құқығы жөніндегі Бюроның журналисін, сондай-ақ көрмеге қойылған суреттерді қоса алып кеткен.
«Әділ сөз» қоры өкілдерінің түсініктері бойынша, ұсталғандар Жетісу аудандық ішкі істер басғармасына жеткізіліп, бес сағаттай сонда отырған. Олардың үстінен әкімшілік тұтқындау туралы хаттама толтырылыпты. Сурет көрмесіне қатысушыларға және журналиске бейбіт жиындар мен шерулер өткізу туралы заңды бұзды деген айып тағылуда. Суреттер түгелдей тәркіленген.
Қолға түскендердің айтуынша, полиция қызметкерлері тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілген, бұл жөнінде олар әкімшілік тұтқындау туралы хаттаманың көшірмесін де көрсетіпті.