Аталмыш мәдени шара биыл туғанына 100 толып отырған Халық қаһарманының ерлік істерін көпшілікке насихаттауға арналып отыр.
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы (1910-1982) Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінің түлегі.
Ол 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Онда батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды.