Жарияланды: 430

Алматыда базардағы сауда сатушылар қатарына КамАЗ автокөлігінің басып-жанши кіруі салдарынан 4 адам ауыр жарақаттанды

Алматыда үстіне жүк толтыра тиелген КамАЗ автокөлігі "Шыңғыс " базарының аумағындағы сауда сатушылар қатарына басып-жанши кіруі салдарынан 4 адам ауыр жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы жедел жәрдем қызметінен хабарлады.

Жол апаты бүгін, 26-қаңтарда 14 сағат 21 минутта Рысқұлов және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болды. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен базардағы сатушылар мен сатып алушылар қол-аяғы сыну, бастарынан жарақаттануға байланысты ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Жол апатының себептері әзірге белгісіз. Автокөлік жүргізушісінің ахуалы да беймәлім күйінде қалып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін