Алматыда "Beauty Professional 2003" атты алғашқы Қазақстандық халықаралық көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Beauty Professional 2003" атты алғашқы Қазақстандық халықаралық көрме өтеді

Алматыда "Beauty Professional 2003" атты алғашқы Қазақстандық халықаралық көрме өтеді

24-26-қыркүйекте Алматыда "Beauty Professional 2003" атты алғашқы Қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Iteca компаниясынан хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 496
Фото - Caravan.kz

Арнаулы мамандандырылған «Beauty Professional 2003» халықаралық көрмесінің мақсаты — бірлескен кәсіпорындар санын арттырып, жоғары сапалы өнімдер түрі мен оларды өткізетін рынок ауқымын кеңейту арқылы аталмыш индустриялық саланың Қазақстан мен жалпы Орталық Азия аймағында дамуына түрткі болу.

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, «Beauty Professional» — нарықты зерттеуге, болашақ тұтынушылар санын арттыруға, тауарлық марканың беделін нығайтуға, өнімді бұхара назарына ұсынуға мүмкіндік беретін халықаралық көрме болып табылады. Көрменің тағы бір ажырамас құрамдас бөлігі- кәсіби сұлулық және денсаулық мектептерінің жұмыс істеуі болмақ. Көрме аясында әртүрлі мастер-класстар, байқаулар, көрсетілімдер мен тұсаукесер шаралары өткізіледі.
Көрмеде Қазақстан, Ресей, Израиль, Украина, Германия, Словения тәрізді 6 елдің 30-ға жуық компаниясы өз өнімдерін ортаға салады. Онда әрлеу өнері және парфюмерия, сұлулық салондарына арналған жабдықтар, шаш жөндеу салондарына арналған құрал-жабдықтар, косметология және пластикалық хирургия тәрізді тақырыптық экспозициялар жұмыс істейді.
«Beauty Professional 2003» халықаралық көрмесіне қатысушылар декоративтік косметика саласындағы жаңаша өнімдермен танысуға, дүниежүзіне танымал өнім түрлерінің эксклюзивті маркаларымен, дене күтіміне арналған косметикалық өнімдермен, сұлулық салондарына арналған қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, сұлулық салондары мен косметологиялық клиникалардың қызмет түрлерімен, тырнақ дизайны саласындағы соңғы жаңалықтармен, сондай-ақ, әлемдік теңдесі жоқ препараттар және әдістемелермен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.
Көрмеге 7 мыңнан астам адам келеді деген үміт бар.
Ал келесі жылы «Сұлулық» тақырыбындағы халықаралық көрмеге қатысушы елдер санын едәуір арттыру көзделіп отыр. Орталық Азиялық деген халықаралық мәртебеге ие болатын көрмеде «зергерлік және әшекейлік бұйымдар» және «сағаттар» деген жаңа тақырыптық бөлімдер қосымша жұмыс істейтін болады.
«Beauty Central Asia 2004» атты екінші Оталық Азиялық халықаралық көрме 2004-жылдың 16-18 — қыркүйегінде «Мода Қазақстан 2004» көрмесімен бір уақытта өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар