Алматыда "Бейресми ұйымдар: кедейлік проблемасын шешу" атты оқулықтың тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Бейресми  ұйымдар: кедейлік проблемасын шешу" атты оқулықтың тұсаукесері өтті

Алматыда "Бейресми ұйымдар: кедейлік проблемасын шешу" атты оқулықтың тұсаукесері өтті

Бүгін, 9-қарашада Алматыда кедейлік проблемасы бойынша бейресми ұйымдарға арналған Қазақстандағы тұңғыш оқыту құралының тұсаукесері өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2004
  • 1081
Фото - Caravan.kz

Жаңа басылымның мақсаты — үкіметтік емес ұйымдарға халықтың әл-ауқатын жақсарту проблемасы бойынша мемлекеттік мекемелермен арадағы диалогқа тиімді атсалысуға қолғабыс ету болып табылады.

«Бейресми ұйымдар: кедейлік проблемасын шешу» атты оқулықта статистикалық мәліметтер, еңбекпен қамтылу, жұмыссыздық және әлеуметтік қорғау тәрізді тіршілік деңгейі аспектілерінің басты анықтамалары беріліп, ағымдарға талдау жасалған. Кітаптың бір бөлімі үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстанның әлеуметтік саясатының жобасын жасауға атсалысу мәселесін қарастырады.
Құрал авторларының атап көрсеткеніндей, қоғамдағы түрлі топтардың мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік реформаларға белсене қатысушыға айналды. Бірақ үкіметтік емес ұйымдар мен заң шығарушы мекемелер арасындағы ынтымақтастық әлі де тиімді емес.
Басылымды БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Орталық Азия аймағындағы тұрақты даму жөніндегі ақпараттық желімен бірлесе отырып әзірлеген.

Перейти к новостям спорта