Алматыда белгілі ғалым қазақ зиялылары туралы кітап жазып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда белгілі ғалым қазақ зиялылары туралы кітап жазып шықты

Алматыда белгілі ғалым қазақ зиялылары туралы кітап жазып шықты

Алаш арыстарының мұрасы қайта жаңғырды! Алматыда қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан зиялылар туралы бірден 8 кітап жарық көрді.

  • 21 Қазан 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz

Тың еңбектерде Алаш ардақтыларының шығармаларына талдау жасалып, бастан өткерген қиын-қыстау күндері жазылған. Әрі қазақ әдебиетінде бұрын кездеспеген мәліметтерге толы. Бұл зерттеулердің авторы – белгілі филолог-ғалым Айгүл Ісімақова. Ол жылдар бойы ізденіп, Алаш зиялыларын шетелдіктерге танытып келе жатыр. Зерттеуші қазіргі және ежелгі қазақ әдебиетінің байланысы туралы Тәуелсіздік тұрғысынан тұңғыш рет саралап жазған.

Айгүл Ісімақова, филология ғылымдарының докторы:

— Әлихан Бөкейханұлының зерттеулері, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбектің жазушы-ақындардың әдебиеттанулық, мәдениеттанулық саяси баяндамалары бүгінгі біздің хәл-ахуалымызға қажет екенін дәлелдейтін шетелде оқыған дәрістерім, қысқа нақты. Жинағанда осы 6-7 кітап болып кетті.

Соңғы жаңалықтар